Кәсіпкер, филантроп және бұрынғы кәсіби дзюдошы. Қазақстандық Harvest Agro агрокластерінің және халықаралық Harvest Group компаниясының негізін қалаушы.
Бұрын ол Қазақстанда агробизнес, ет өндірісі, металл саудасы және өңдеу саласындағы жобаларды басқарған. Ол Алматы менеджмент университетінде корпоративтік басқару бойынша MBA дәрежесіне ие. Спорт саласында дзюдодан 6-шы дан қара белбеу иегері, Қазақстан чемпионы және Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) президентінің кеңесшісі.
Қазақстандағы алғашқы кәсіби дзюдо клубы JENYS-тің негізін қалаушы және президенті.
Марапаттары:
Дзюдоның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» ордені (2024)
EY «Жыл кәсіпкері» сыйлығының иегері (2023)